Бекітілді
Атырау облыстық
адвокаттар алқасының
Жалпы жиналысымен
(Конференциясымен)
«21» желтоқсан 2024 ж
ЕРЕЖЕ
Атырау облыстық адвокаттар алқасы жанындағы
тағылымдамадан өтушілерді даярлау және адвокаттардың біліктілігін
арттыру орталығы туралы
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Атырау облыстық адвокаттар алқасы жанындағы тағылымдамадан өтушілерді даярлау және адвокаттардың біліктілігін арттыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) туралы ереже «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі No 176-VI Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі –
Заң) 55-бап 2-тармағының 8) тармақшасына, 2018 жылғы 23 қарашада Республикалық адвокаттар алқасының Конференциясымен бекітілген «Адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарына»(бұдан әрі – Стандарттар), Республикалық адвокаттар алқасы Төралқасының 07 қыркүйек 2021 жылғы шешімімен бекітілген «Адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібі», No18 хаттама және 2018 жылғы 23 қарашада Республикалық адвокаттар алқасының Конференциясымен бекітілген «Адвокаттардың тағылымдамадан өту тәртібі туралы» Ережесіне сәйкес әзірленді.
1.2. Орталық Атырау облыстық адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.3. Орталық адвокаттардың біліктілігін арттыру үшін және тағылымдамадан өтушілерді адвокаттық қызметпен айналысуға үйрету үшін құрылған.
1.4. Атырау облыстық адвокаттар алқасының Төралқасы тағайындайтын меңгеруші Орталықтың басшысы болып табылады.
2. Орталықтың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Адвокаттардың біліктілігін арттырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері адвокаттық қызметтің міндетті стандартының талабы ретінде адвокаттардың білімін және біліктілігін арттыруды ұдайы және үздіксіз арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Тағылымдамадан өтушілерді дайындаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері білікті заң көмегін көрсете алатын, адвокат мәртебесін алуға үміткерлерді дайындауды қамтамасыз ету болып табылады.
2.2. Оқыту және біліктілікті арттыру принциптері:
1) жүйелі, үздіксіз және міндетті біліктілікті арттыру және оқыту;
2) біліктілікті арттыру және оқыту процесінің тиімділігі мен әсерлілігі;
3) оқытудың формалары мен әдістерінің прогрессивтілігі.
2.3 Орталық мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі міндеттерді жүзеге асырады:
1) жаңа талаптарға сәйкес адвокаттардың өздерінің кәсіби міндеттерін сапалы орындауын қамтамасыз ететін теориялық білімді жаңарту және практикалық дағдылар мен іскерлік қасиеттерді жетілдіру
2) адвокаттардың біліктілігін арттырудың тиісті деңгейін, олардың кәсіби деңгейі
мен практикалық кәсіби тәжірибе алмасу бөлігінде қамтамасыз ету;
3) білікті заң көмегін көрсету кезінде жұмыс дағдыларын, әдістері мен тәсілдерін
жетілдіру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, сот және өзге де құқық қолдану практикасын зерделеу, сондай-ақ құқықтық білімді насихаттау.
2. Орталықтың басқару органдарының құзыреті:
2.1. Атырау облыстық адвокаттар алқасының төралқасы (бұдан әрі – Төралқа):
1) Орталықтың меңгерушісін тағайындайды;
2) адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасын бекітеді;
3) адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерін даярлау бағдарламасын бекітеді;
4) Орталықтың қызметін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік, анықтамалық- ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
5) біліктілікті арттыруға кәсіби бақылауды ұйымдастырады;
6) біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын адамдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
7) адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар жоғары оқу орындарын, оқу және басқа да мекемелер мен ұйымдарды
аккредиттеуді жүзеге асырады;
8) Атырау облыстық адвокаттар алқасының жалпы жиналысы бекіткен сметаға сәйкес Орталықтың қызметін қаржыландырады.
3.2. Орталық басшысы:
1) адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлейді және оны Төралқаға бекітуге ұсынады;
2) адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерін даярлау бағдарламасын әзірлейді
және оны Төралқаға бекітуге ұсынады;
3) Орталықтың жұмысын ұйымдастырады;
4) Төралқаға Орталықтың қызметін жақсарту және жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) Орталықтың мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн адвокаттардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар жоғары оқу орындарымен, оқу және өзге де мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ басқа да тұлғалармен өзара iс-әрекет етеді;
6) әр жылдың қорытындысы бойынша адвокаттардың біліктілігін арттыру және адвокаттың тағылымдамадан өтушілерін оқыту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
7) Төралқамен айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Адвокаттардың біліктілігін арттыру және заңгерлік тағылымдамадан өтушілерді оқыту нысандары.
4.1. Адвокаттардың біліктілігін арттыру келесі нысандарда жүзеге асырылады:
1) Орталық өткізетін біліктілікті арттыру курстарында, сондай-ақ аккредиттелген ұйымдар мен оқытушылар (тренерлер) өткізетін курстарда оқыту.
2) Республикалық адвокаттар алқасы және/немесе Орталық ұйымдастыратын семинарларға, тренингтерге, шеберлік сағаттарына қатысу;
3) Республикалық адвокаттар алқасы және/немесе Орталық ұйымдастырған адвокаттық қызметке тікелей қатысты бар тақырыптар бойынша адвокаттардың форумына, семинарларға, тренингтерге, шеберлік сағаттарына, халықаралық конференцияларға қатысу.
4.2.Орталық заң саласының теориялық және практикалық қызметкерлері қатарынан жетекші оқытушыларды (тренерлерді), сондай-ақ аккредиттеуден өткен осы салаға қатысты мамандарды (сарапшылар, бағалаушылар, аудиторлар және т.б.) келісім-шарт негізінде тартады.
4.3 Орталық біліктілікті арттыру бағдарламасын Орталықта аяқтағандардың оқу жүктемесінің көлемін (сағатпен) нақты есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізеді және Стандарттармен белгіленген нысан бойынша сертификат береді.
4.4. Орталық өз қызметі туралы Алқа Төралқасына ақпарат бере отырып, адвокаттардың біліктілігін арттыру және оқыту бойынша жұмыстың нәтижелерін шығару бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
4.5 Атырау облыстық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарында адвокаттардың біліктілігін арттыру және адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерін оқыту жөніндегі іс-шаралары туралы ақпарат жарияланады.
4.6. Адвокаттардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар бетпе-бет те, онлайн оқыту арқылы қашықтан да жүргізілуі мүмкін.
4.7. Адвокаттардың біліктілігін арттырудың және тағылымдама өтушілерді оқытудың ағымдағы бағдарламаларын іске асыра отырып, Орталық оқытудың нысандары мен әдістерін дербес таңдайды, олардың негізгілері: техникалық оқу құралдарын пайдаланатын дәрістер мен практикалық сабақтар (бұдан әрі — ТОҚ), коллоквиумдар, сондай-ақ, адвокаттық қызметке тікелей қатысы бар дөңгелек үстелдер, тренингтер, шеберлік сабақтары және семинарларды қоса алғанда, аудиториялық және сыныптан тыс жұмыстардың кез келген нысандары.
4.8. Адвокаттық қызмет өтілі бір жылдан аз адвокаттар «Адвокаттың кәсіби қызметінің негіздері» бағдарламасы бойынша қосымша міндетті оқудан өтеді.
4.9. Адвокаттардың біліктілігін арттыру саласындағы құқықтары мен міндеттері 4.9.1. Адвокаттың құқығы бар:
1) біліктілікті арттыру нысандарын өз бетінше таңдауға;
2) осы Ережеде белгіленген жағдайларда орналасқан жері бойынша да, басқа жерлерде де біліктілігін арттыруға;
3) Орталықтан біліктілікті арттырудан өтуге қажетті көмек алуға, сондай-ақ біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы хабардар болуға.
4.9.2. Адвокат міндетті:
1) өз дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруға;
2) бiлiктiлiгiн арттыруға кеткен сағаттардың санын өз бетiнше есепке алуға;
3) біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды келесі біліктілікті арттыруға дейін сақтауға;
4) сертификаттарын ұсыну арқылы өзінің біліктілігін арттыру фактісін растауға міндетті.
4.10. Адвокат лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, сол мерзімге біліктілігін арттыру жөніндегі міндеттерден босатылады.
4.11. Адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі өз міндеттерін, оның ішінде Адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарында, осы адвокаттардың біліктілігін арттыру Ережесінде, Республикалық адвокаттар алқасы мен аумақтық адвокаттар алқаларының шешімдерінде көзделген міндеттерін орындамаған адвокаттар белгіленген тәртіпте жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
4.12. Әрбір іс-шараға қатысушыға белгілі бір іс-шараның сапасын, тиімділігін және пайдалылығын бағалау үшін сауалнаманы толтыру мүмкіндігі беріледі.
4.13. Ережеге толықтырулар мен өзгертулер Жалпы жиналыспен енгізіледі және бекітіледі.