ATYRAU OBLYSYNYŃ ADVOKATTAR ALQASY

Республикалық адвокаттар алқасы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» оқулығын жасауға конкурс жариялайды.

Қатысуға жеке авторлар мен авторлық ұжымдар шақырылады. Оқулық фундаменталды, бірақ тәжірибеге бағытталған болуы керек. Оқулық адвокаттық қызметтің тарихи, конституциялық және халықаралық-құқықтық аспектілерін, кәсіби этика мәселелерін, ұйымдастырушылық және процестік тетіктерді қамтуға, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен технологиялық шешімдерді көрсетуге міндетті.

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Көлемі кемінде 400 бет.

Жеңімпаздар 2 000 000 теңгеге дейін, екі авторды немесе ұжымды таңдағанда — 4 000 000 теңгеге дейін сыйақы алады. Өтінім беру мерзімі — 20 жұмыс күні.

Конкурстың егжей-тегжейлері төмендегі қосымшада көрсетілген.