БЕКІТІЛДІ
Республикалық адвокаттар
алқалар Төралқасының
шешімімен
2021 жылғы 07
қыркүйектегі
No18 хаттамасы
Адвокаттардың біліктілігін арттыру
ТƏРТІБІ
(Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешімімен
енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы адвокаттардың біліктілігін арттыру тəртібі (бұдан əрі – «Тəртіп») «Адвокаттық қызмет жəне заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 5 шілдедегі No 176-VI Заңының (бұдан əрі – «Адвокаттық қызмет жəне заң көмегі туралы» Заңы», «Заң») 68-бабы 2-тармағының 18-7) тармақшасына, 68-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, 33-бабы 7-тармағының 13) тармақшасына, адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарына сəйкес əзірленді жəне бекітілді жəне адвокаттардың кəсіптік біліктілігін арттырудың нысандары мен тəртібін айқындайды.
1.2. Тəртіп Республикалық адвокаттар алқасының жəне аумақтық адвокаттар алқаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.
2. Адвокаттардың біліктілігін арттыру саласындағы құқықтары мен міндеттері
2.1. Адвокаттың құқығы бар:
1) осы Тəртіптің 8-тармағында белгіленген біліктілікті арттыру нысандарын өз бетінше таңдауға;
2) Республикалық адвокаттар алқасының, аумақтық адвокаттар алқаларының біліктілікті арттыру орталықтарында, осы Тəртіпке сəйкес аккредиттелген ұйымдарда өз қалауы бойынша біліктілігін арттыруға;
3) өзінің орналасқан жері бойынша да, осы Тəртіппен белгіленген шарттарда өзге де орындарда өз біліктілігін арттыруға;
4) өзі мүшесі болып табылатын аумақтық алқадан жəне Республикалық адвокаттар алқасынан біліктілікті арттырудан өтуге қажетті көмек алуға, сондай-ақ біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы хабардар болуға тиіс.
2.2. Адвокат міндетті:
1) өз біліктілігін үнемі арттыруға;
2) біліктілікті арттыруға жұмсалған сағаттардың санын өз бетінше тіркеуге;
3) біліктілікті арттыруды растайтын құжаттарды кезекті біліктілікті арттырудан өту сəтіне дейін сақтауға.
4) өзі мүшесі болып табылатын аумақтық адвокаттар алқасының алдында сертификаттар беру арқылы өз біліктілігін арттыру фактісін растауға.
2.3. Адвокат лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда тиісті кезеңге біліктілікті арттыру жөніндегі міндеттерден босатылады.
3. Адвокаттардың біліктілігін арттыру саласындағы аумақтық адвокаттар алқаларының құзыреті
3.1. Аумақтық адвокаттар алқалары:
1) біліктілікті арттыру жөніндегі алқа мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық, оқу-əдістемелік жəне анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) біліктілігін арттыруды кəсіби бақылауды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы саласындағы талаптарды сақтау бойынша даярлау мен оқытуды қоса алғанда, біліктілікті арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, оң жұмыс тəжірибесін талдайды, қорытады жəне таратады;
4) біліктілікті арттыру орталықтарын (бұдан əрі – Орталық) құруға құқылы;
5) өз алқасының адвокаттарының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар жоғары оқу орындарын, білім беру жəне өзге де мекемелер мен ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді.
Аккредиттеу осы Тəртіптің 9-бөлімінде көзделген талаптарға сəйкес жүргізіледі.
3-1-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешімімен (No20/30 хаттама)енгізілген өзгерістермен және
толықтырулармен баяндалған 3.2. Əр жылдың қорытындысы бойынша адвокаттардың біліктілігін
арттыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нəтижелерін талдайды жəне
қорытындылайды.
4. Адвокаттардың біліктілігін арттыру саласында Республикалық адвокаттар алқасының құзыреті
4.1. Республикалық адвокаттар алқасы (бұдан əрі – РАА):
1) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы саласындағы талаптарды сақтау бойынша дайындықты жəне оқытуды қоса алғанда, адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3
2) Адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарын, Адвокаттардың біліктілігін арттыру тəртібін əзірлейді;
3) Республикалық адвокаттар алқасының біліктілігін арттыру орталығын құруға жəне оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге құқылы;
4) аумақтық адвокаттар алқаларының біліктілігін арттыру Орталықтарын (бұдан əрі — Орталықтар), жоғары оқу орындарын, білім беру жəне өзге де мекемелер мен ұйымдарды (бұдан əрі – ұйымдар), оқытушы тренерлерді аккредиттеуді жүргізеді.
РАА аккредиттеуі мына жағдайларда талап етілмейді:
— өз алқасының адвокаттары үшін ғана біліктілікті арттыру жұмысын ұйымдастыратын орталықтар үшін;
— адвокаттар алқасында аккредиттеуден өткен жəне тек осы адвокаттар алқасында адвокаттардың біліктілігін арттыру жұмысын жүзеге асыратын ұйымдар үшін.
4-1-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешімімен (No20/30 хаттама)енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен баяндалған
5. Адвокаттардың біліктілігін арттыру нысандары
5.1. Адвокаттардың біліктілігін арттыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) біліктілікті арттыру орталықтары, сондай-ақ осы Тəртіптің талаптарына сəйкес аккредиттелген ұйымдар мен оқытушылар (тренерлер) жүргізетін біліктілікті арттыру курстарында оқыту;
2) Республикалық адвокаттар алқасының жəне/немесе аумақтық адвокаттар алқаларының біліктілікті арттыру орталықтары ұйымдастырған семинарларға, тренингтерге, шеберлік сағаттарына қатысу;
3) Республикалық адвокаттар алқасы жəне /немесе аумақтық адвокаттар алқалары ұйымдастырған адвокаттық қызметке тікелей қатысы бар тақырыптар бойынша семинарларға, тренингтерге, шеберлік сыныптарына, халықаралық конференцияларға, қазақстандық адвокаттар форумына қатысу.
Осы Ереженің 7.5-тармағында көзделген, жоғарыда аталған іс-шараларға қатысқаны үшін біліктілікті арттыруды растайтын сертификат беру туралы шешімді Төралқаның шешімімен Республикалық адвокаттар алқасы жəне /немесе аумақтық адвокаттар алқасы тақырыбы мен сағат санын көрсете отырып қабылдайды;
4) адвокаттардың біліктілігін арттыру курстарында сабақтар жүргізу.
5-1-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешімімен (No20/30 хаттама)енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен баяндалған
6. Біліктілікті арттыру бойынша шығыстары
6.1. Біліктілікті арттыру адвокаттардың немесе аумақтық адвокаттар алқаларының есебінен жүргізіледі.
6.2. Біліктілікті арттыру тегін іс-шараларға қатысу жəне гранттар, өтеусіз көмек ретінде тартылған қаражат, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасы мен аумақтық адвокаттар алқаларының өзге де көздері есебінен өтеусіз жүргізілуі мүмкін.
7. Адвокаттардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тəртібі
7.2. Адвокаттар біліктілікті арттыруды осы Тəртіпке сəйкес аккредиттелген Орталықтарда немесе өзге де ұйымдарда жүзеге асырады.
7.2. Адвокаттардың біліктілігін арттыру:
1) Республикалық адвокаттар алқасының біліктілігін арттыру орталығының;
2) аумақтық адвокаттар алқаларының біліктілігін арттыру орталықтарының;
3) осы Тəртіпке сəйкес аккредиттелген оқу орындарының, білім беру жəне өзге де мекемелер мен ұйымдардың, оқытушылардың (жаттықтырушылардың) қатысуымен жүзеге асырылады.
7.3. Біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат Республикалық адвокаттар алқасының жəне аумақтық адвокаттар алқаларының интернет-ресурстарында жарияланады.
7.4. Адвокаттардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар күндізгі, сондай-ақ қашықтықтан, онлайн оқыту арқылы өткізілуі мүмкін.
7.5. Іс-шара аяқталғаннан кейін біліктілікті арттырудан өткен адвокаттарға ұйымдастырушыны, сабақтың тақырыбын жəне өткізілген сағаттардың санын көрсете отырып, қағаз тасымалдауышта немесе электрондық нысанда сертификат беріледі. Біліктілікті арттыру бойынша іс-шараның əр қатысушысына нақты іс-шараның сапасын, тиімділігін жəне пайдалылығын бағалау мəніне сауалнама толтыру мүмкіндігі беріледі.
Сауалнама нəтижелері тиісті біліктілікті арттыру орталығына немесе аумақтық адвокаттар алқасына ұсынылуы тиіс.
8. Адвокаттардың біліктілігін арттыру орталықтары
8.1. Орталықтар Республикалық адвокаттар алқасының жəне аумақтық адвокаттар алқаларының жанынан құрылуы мүмкін.
8.2. Аумақтық адвокаттар алқасының төралқасы оларда Орталықтар болмаған кезде осы Тəртіптің 9-бөлімінде көзделген талаптарға сəйкес аккредиттелген Республикалық адвокаттар алқасының жəне өздері құрылған басқа да аумақтық адвокаттар алқаларының орталықтарында, сондай-ақ аккредиттелген оқу орындарында, білім беру жəне өзге де мекемелер мен ұйымдарда, оқытушы тренерлерде адвокаттардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
5
8.2-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешімімен (No20/30 хаттама)енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен баяндалған
8.3. РАА жəне аумақтық аумақтық адвокаттар алқалары өздерінің интернет-ресурсында біліктілікті арттыру орталығының (орталықтарының) орналасқан жерін жəне аккредиттелген мекемелердің, ұйымдардың тізімін, сондай-ақ олардың адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасын (курстарын) орналастырады.
8.3-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04
қыркүйектегі шешімімен (No20/30 хаттама)енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен баяндалған
9. Адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды аккредиттеу
9-бөлім Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешіміне сəйкес жаңа редакцияда жазылды (No20/30 хаттама)
9.1 Орталықтарды, ұйымдарды аккредиттеу осы Тəртіптің 3.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының не аумақтық адвокаттар алқасы төралқасының шешімімен осы Тəртіпке 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша олардың өтініші негізінде
жүргізіледі.
Өтініш берушілердің құжаттарының осы Тəртіппен белгіленген талаптарға сəйкестігін алдын ала зерделеуді осы Тəртіптің 3.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда РАА аппараты немесе аумақтық адвокаттар алқасының аппараты жүзеге асырады.
Осы тармақта көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін өтініш берушіге осы Тəртіпке 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге аккредиттеу
туралы куəлік беріледі.
Аумақтық адвокаттар алқаларының біліктілігін арттыру орталықтарын аккредиттеу
9.2 Аумақтық адвокаттар алқасы Орталықты аккредиттеуден өту үшін РАА-ға мынлардың бар екендігін растайтын құжаттарды жолдайды:
1) осы Тəртіптің 10-бөлімінің талаптарына сəйкес аумақтық адвокаттар
алқасының төралқасы бекіткен адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасы;
2) орталықтың құрамында тұрақты негізде мынадай өлшемшарттардың біріне сəйкес келетін кемінде бір оқытушы (тренер) болады:
— кемінде он жыл үздіксіз адвокаттық қызмет өтілі;
— адвокаттың қызметіне тікелей қатысы бар нақты кəсіби саладағы оқытушылық жұмыс тəжірибесі кемінде бір жыл;
— адвокаттық қызметке қатысы бар мамандық бойынша ғылыми дəрежесінің (атағының) болуы;
6
— жарияланған оқу құралдары, заң пəндері бойынша монографиялар;
3) адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған үй-жайлар (меншік құқығын, үй-жайды уақытша иелену жəне (немесе)
пайдалану құқығын растайтын құжат). Орталықтарда мерзімді негізде не біржолғы тəртіппен оқыту үшін тартылатын адвокаттар осы Тəртіптің 9.2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мынадай өлшемшарттардың біріне сəйкес келуге тиіс.
Жоғары оқу орындарын, білім беру жəне өзге де мекемелер мен ұйымдарды аккредиттеу
9.3 Аккредиттеуден өту үшін жоғары оқу орындары, білім беру жəне өзге де мекемелер мен ұйымдар мыналар бар екенін растайтын құжаттарды (осы
тармақта көрсетілген барлық талаптар бойынша) РАА-ға жібереді:
1) заң мамандықтары бойынша даярлау саласындағы білім беру қызметіне лицензиялар (кəсіптік, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін);
2) осы Тəртіптің 10-бөлімінің талабына сəйкес ұйымның/мекеменің уəкілетті органы бекіткен адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасы;
3) өз құрамында осы Тəртіптің 9.2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарға сəйкес келетін кемінде екі оқытушы (тренер) тұрақты негізде;
4) адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған үй-жайлар (меншік құқығын, үй-жайды уақытша иелену жəне (немесе)
пайдалану құқығын растайтын құжат).
Оқытушыларды (тренерлерді) аккредиттеу
9.4 Адвокаттар оқытушылар (тренерлер) ретінде аккредиттеуден өту үшін РАА-ға мыналар бар екендігін растайтын құжаттарды жолдайды:
— осы Тəртіптің 10-бөлімінің талаптарына сəйкес адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасына сəйкес курстар;
– осы Тəртіптің 9.2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттардың біріне сəйкестігі туралы мəліметтер;
— аумақтық адвокаттар алқасы төралқасының адвокатты аккредиттеу туралы ұсынымы.
9.5 Жеке тұлғалар оқытушылар (тренерлер) ретінде аккредиттеуден өту үшін РАА-ға мыналар бар екендігін растайтын құжаттарды жолдайды:
— осы Тəртіптің 10-бөлімінің талаптарына сəйкес адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасына сəйкес курстар;
— заң пəндері саласындағы оқытушылық қызмет өтілі кемінде бір жыл немесе адвокаттық қызметке қатысы бар мамандық бойынша ғылыми дəрежесінің (атағының) болуы;
— жарияланған оқулықтар, монографиялар, зерттеулер, курстың тақырыбы немесе жоғарылату бағдарламасы бойынша ұсыныстар.
7
9.6 Оқытушы (тренер) ретінде лауазымы бойынша мынадай тұлғалар аккредиттеледі:
— РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің (РАА ҒКК) төрағасы;
— РАА ҒКК төрағасы қызметін кемінде екі жыл атқарған тұлға.
Аккредиттеуден айыру
9.7. Аккредиттеуден айыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) осы бөлімде белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі.
2) осы Тəртіппен белгіленген талаптарды бірнеше рет (екі жəне одан да көп рет) бұза отырып, біліктілікті арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру.
10. Адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламалары
10.1. Біліктілікті арттыру келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:
1) «Адвокат кəсібінің негіздері»;
2) «Азаматтық істер бойынша адвокаттық қызмет»;
3) «Қылмыстық істер бойынша адвокаттық қызмет»;
4) «Адвокаттық қызметтің өзекті мəселелері» ;
5) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында адвокаттарды даярлау жəне оқыту».
10.1.-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешімімен (No20/30 хаттама)енгізілген өзгерістермен жəне
толықтырулармен баяндалған
10.2. Кемінде бір жыл адвокаттық жұмыс өтілі бар адвокаттар «Адвокат кəсібінің негіздері» бағдарламасы бойынша міндетті оқудан өтеді.
10.3. Бағдарламалардың болжамды мазмұнын аумақтық адвокаттар алқаларының төралқалары бекітеді.
10.4. Біліктілікті арттыру бағдарламалары курстардан тұрады.
Біліктілікті арттыру курстары адвокаттардың кəсіби қызметінің тиімділігін арттыруға, заң көмегін көрсету кезінде іскерлік қасиеттерін жетілдіруге
бағытталған жаңа білім, білік жəне дағды алуына арналуы тиіс.
Курстар адвокаттық қызметке қатысты практикалық бағытта болуы керек жəне жоғары оқу орындарының теориялық бағдарламаларын қайталамауы қажет.
10.6. Біліктілікті арттыру курсының жəне (немесе) бағдарламасының 1 (бір) академиялық сағаты ұзақтығы 45 (қырық бес) минут болып белгіленеді.
11-бөлім Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешіміне сəйкес алынып тасталды (No20/30 хаттама)
12. Біліктілікті арттырудан өтуді есепке алу, бағалау жəне бақылау
8
12.1. Аумақтық адвокаттар алқалары мен Республикалық адвокаттар алқасы өздері құрған біліктілікті арттыру орталықтары арқылы, ал олар болмаған
жағдайда алқалардың төралқалары арқылы осы Тəртіппен белгіленген көлемде жəне нысандарда адвокаттардың біліктілікті арттыруын бақылайды жəне біліктілікті тұрақты арттыру жөніндегі міндеттерді атқарудан жалтарған адвокаттарға шаралар қолданады.
12.2. Жыл сайынғы біліктілікті арттыруды есепке алу мен бақылау əр күнтізбелік жыл бойынша жүргізіледі.
12.3. Тиісті курсты аяқтағаннан кейін Біліктілікті арттыру орталықтары, аккредиттелген ұйымдар немесе оқытушылар (тренерлер) есепке алу мақсаттары
үшін уақытын, күнін, орнын, курстың атауын, оқытушыны/-ларды/, курс сағаттарының санын жəне бағдарламаны көрсете отырып, қатысушылардың
тізімін ресімдейді.
13. Біліктілігін арттырудан жалтарғаны үшін жауапкершілік
13.1. Біліктілікті арттыру жөніндегі міндеттерді, соның ішінде Адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарында, Адвокаттардың біліктілігін арттырудың осы тəртібімен, Республикалық адвокаттар алқасының жəне аумақтық адвокаттар алқаларының шешімдерінде көзделген міндеттерді орындамайтын адвокаттар белгіленген тəртіпте жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
14. Қорытынды ережелер
14.1. Орталықтарды, ұйымдарды, тренерлерді аккредиттеу үш жыл бойы жарамды.
14.2. Осы Тəртіптің 3 жəне 9-бөлімдеріне өзгерістер енгізілгенге дейін қабылданған аумақтық адвокаттар алқалары төралқасының шешімі негізінде Орталықтарды, ұйымдарды, тренерлерді аккредиттеу осындай шешім қабылданған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады.
14.3. Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2023 жылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.