ТӨРАҒА
АОКА төрағасы – Демесинов Қайрат Аманқосович
Адвокаттар алқасының президиумының төрағасы болып тікелей сайлау күніне дейін кемінде бес жыл адвокаттар алқасының мүшесі болған адвокат сайлана алады. Адвокаттар алқасының президиумының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Бір адам адвокаттар алқасының президиумының төрағасы лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.
Адвокаттар алқасының президиумының төрағасы алқа жарғысына сәйкес:
- президиум жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді, оның отырыстарында төрағалық етеді және президиум мен адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналыстары (конференциялары) шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды;
- президиум аппаратының жұмысын басқарады, адвокаттар алқасы аппаратының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
- адвокаттар алқасын мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа ұйымдар мен мекемелерде таныстырады;
- лицензиар мен Республикалық адвокаттар алқасына адвокаттар алқасының мүшелігіне қабылданған лицензия иелері туралы, адвокаттың адвокаттық қызметті ұйымдастыру формасы мен заңды мекенжайын көрсете отырып, сондай-ақ адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылған адамдар туралы, шығару себептерін көрсете отырып, мәліметтердің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
- адвокаттар алқасының қызметі туралы есепті, оның ішінде адвокаттар көрсеткен заң көмегі бойынша статистикалық мәліметтерді Республикалық адвокаттар алқасына ұсынуды қамтамасыз етеді;
- адвокаттар көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі мен қорғау және өкілдік етуге байланысты шығындардың бюджет қаражаты есебінен өтелуі бойынша жиынтық есепті аумақтық әділет органына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
- адвокат тағылымдамашыларының тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді;
- адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
ДЕМЕСИНОВ КАЙРАТ АМАНКОСОВИЧ
День рождения
04.12.1976
Место рождения:
г.Гурьев
Образование
Юридический факультет Казахского государственного университета имени Аль-Фараби
Последняя должность/место работы
Председатель Президиума Атырауской областной коллегии адвокатов (с 04.01.2023 г.)

Трудовой путь:
В 2005 году трудовую деятельность начал с помощника адвоката в адвокатской конторе «Барыс».
В 2009 году получив государственную лицензию на право занятия адвокатской деятельностью за №0003039 от 10.04.2009 года, вступил в членство Атырауской областной коллегии адвокатов.
В 2011 – 2013 годы – заведующий ювенальной консультации Атырауской области.
В 2013 – 2015 годы – член ревизионной комиссии Атырауской областной коллегии адвокатов.
В 2015 – 2022 годы – член Президиума Атырауской областной коллегии адвокатов .
В 2018 – 2022 годы – заведующий городской юридической консультации.
С 2016 года – заместитель Председателя Атырауской областной коллегии адвокатов.
В декабре 2022 года избран Председателем Президиума Атырауской областной коллегии адвокатов.
Награды
Неоднократно был награжден грамотами и благодарственными письмами ДЮ, РКА. В 2020 году был награжден Медалью «За вклад в развитие адвокатуры».
ПРЕЗИДИУМ
Атырау облыстық адвокаттар алқасының президиум мүшелері:
Президиум төрағасы – Демесинов Қайрат Аманқосович
- Сүндетқалиева Жанаргүл Қадыржанқызы
- Жақұпов Руслан Құтұлмұратович
- Хамитов Тілек Нұрович
- Ұзаққалиева Орынгүл Ұзаққалиевна
- Төлегенов Мырзахан Ажиханұлы
- Мұқатанов Талғат Базарбайұлы
Адвокаттар алқасының президиумы – адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады.
Адвокаттар алқасының президиумы:
- жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда адвокаттар тарапынан бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін қоса алғанда, заң көмегін көрсету бойынша адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
- адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысын (конференциясын) шақырады және оның шешімдерін орындауды ұйымдастырады;
- адвокаттардың кәсіби және өзге де құқықтарын қорғайды;
- адвокаттар алқасының мүшелігіне қабылдауды, оларды мүшеліктен шығаруды жүзеге асырады, тағылымдамашылардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
- әр тоқсан сайын адвокаттардың қызметі туралы жинақталған есептерді Республикалық адвокаттар алқасына ұсынады;
- жүктілік пен босану демалысы кезеңінде немесе үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста жүрген адвокаттарды, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық салдарынан қатарынан екі айдан астам адвокаттық қызметпен айналыспаған адвокаттарды мүшелік және мақсатты жарналарды төлеуден босатады;
- жеке және заңды тұлғалардан адвокаттың әрекеттері (әрекетсіздігі) жөнінде келіп түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жұмыстарын ұйымдастырады;
- адвокаттарды аттестаттауды және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады;
- заңда көзделген негіздер бойынша адвокаттың адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясын тоқтата тұру немесе оның күшін жою туралы талап арыз дайындау жөнінде лицензиарға ұсыныс береді;
- адвокаттардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- жыл сайын мониторинг нәтижелері бойынша адвокаттардың (қызмет түрлері бойынша) қызметтерінің орташа құнын айқындайды және бұл ақпаратты адвокаттар алқасының, Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарында жариялауды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етеді;
- адвокаттық қызметтегі оң тәжірибені талдайды, жинақтайды және таратады;
- кодекстеу-анықтамалық жұмысын ұйымдастырады, адвокаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлейді және шығарады;
- заң кеңестерін құрады, олардың меңгерушілерін тағайындайды және қызметтен босатады;
- Республикалық адвокаттар алқасы бекіткен үлгі бойынша адвокат куәлігін береді;
- адвокаттар алқасының қаражатына алқа жарғысы мен мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) айқындаған тәртіппен билік жүргізеді;
- бухгалтерлік есеп жүргізуді, қаржылық есептілікті, іс жүргізуді және бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады;
- адвокаттар алқасының мүлкін басқару тәртібін айқындайды;
- адвокаттар алқасының қызметіне қатысты жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелерді шешеді.
ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ
Атырау облыстық адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы
Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы – адвокаттар алқасы мен оның органдарының қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізетін орган болып табылады.
Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының мүшелері арасынан құрылуы мүмкін. Тексеру комиссиясының мүшелері адвокаттар алқасында басқа сайланбалы лауазымды иеленуге құқылы емес.
Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы бес адамнан аспайтын құрамда құрылады. Тексеру комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негізде, ақысыз түрде жүзеге асырады.
Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы алқа мүшелерінің жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жылдан аспайтын мерзімге сайланады және адвокаттар алқасының жоғарғы басқару органына есеп береді.
Бір адам тексеру комиссиясының құрамында қатарынан бір мерзімнен артық бола алмайды.
Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметіне кез келген уақытта тексеру жүргізуге құқылы. Тексеру комиссиясының талабы бойынша адвокаттар алқасының органдары тексеру үшін қажетті құжаттарды ұсынуға және ауызша немесе жазбаша түрде тиісті түсініктемелер беруге міндетті.
Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті міндетті түрде тексереді және оның нәтижелерін адвокаттар алқасының және Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарында орналастырады.
Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының мүшелерінің кезекті жалпы жиналысына (конференциясына) есеп ұсынады.
Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі мен есеп беру мерзімділігі алқаның жарғысы мен ішкі құжаттарымен айқындалады.
АОКА Тексеру комиссиясының төрағасы: Қарабалин Ғалымжан Жанажанұлы
АОКА Тексеру комиссиясының мүшелері:
- Сапарова Ұлмекен Қибатоллақызы
- Қарабалин Ғалымжан Жанажанұлы
- Ахмедова Эльмира Ғасановна