ҚОСТАНАЙ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ РАА АШЫҚ ҮНДЕУІ

Республикалық адвокаттар алқасы Төралқасының АШЫҚ ҮНДЕУІ 2025 жылғы 11 және 12 наурызда адвокаттар Виктор Кривоносов пен Даулет Байсеитов қорғалатын тұлғаға барған кезде тергеу изоляторы қызметкерлерінің қорлайтын талаптарына ұшырады, соның ішінде киімдерін шешу талабы қойылды. Бұл жағдай адвокаттың рөлін төмендетудің салдарынан орын алды, өйткені адвокат жай азамат емес, қоғамдық-құқықтық функцияларды атқарушы тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт […]
РАА ТӨРАЛҚАСЫ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ОҚУЛЫҚ ЖАСАУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Республикалық адвокаттар алқасы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» оқулығын жасауға конкурс жариялайды. Қатысуға жеке авторлар мен авторлық ұжымдар шақырылады. Оқулық фундаменталды, бірақ тәжірибеге бағытталған болуы керек. Оқулық адвокаттық қызметтің тарихи, конституциялық және халықаралық-құқықтық аспектілерін, кәсіби этика мәселелерін, ұйымдастырушылық және процестік тетіктерді қамтуға, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен технологиялық шешімдерді көрсетуге міндетті. Жұмыстар қазақ және орыс […]
17 қаңтар – 28 ақпан аралығындағы қорытындылар

Республикалық адвокаттар алқасы Жоғары Сот Кеңесімен және Сот төрелігі академиясымен бірлесіп адвокаттарға арналған ZOOM-да бірқатар онлайн-кездесулер өткізді. Іс-шараның мақсаты – адвокаттарды судьялық қызмет мүмкіндіктерімен таныстыру және осы бағытқа тарту. Кездесулерге Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелері Олеся Цай, Сапар Амиртаев, Аскербек Жакулин, Женисбек Мирзалиев, Алтын Айтуарова қатысты, сонымен қатар Академия өкілдері Руслан Султанов және Ержан Егембердиев. Қазақстанның барлық […]
Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы: қорытындылар және шешімдер

2025 жылдың 28 ақпанында онлайн форматта Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы өтті. Делегаттар есептерді бекітіп, адвокаттық қауымдастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар шешімдер қабылдады. Конференция барысында делегаттар 2024 жылға арналған Төралқаның, Ревизиялық комиссияның және Адвокатураның тәртіптік комиссиясының есептерін, сондай-ақ 2025 жылға арналған РАА-ны ұстауға арналған шығыстар сметасын бекітті. РАА Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының жаңа мүшелерін сайлау РАА Адвокатураның […]